1. Ақтөбе қаласы «А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

-Мектеп директорының тәрбие жұмыс жөніндегі орынбасары -1 бірлік  (тұрақты бос орын)  лауазымына  қабылдауға конкурс жариялайды.

  1. Ақтөбе қаласы «А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

-Мектеп директорының тәрбие жұмыс жөніндегі орынбасары -1 бірлік  (тұрақты бос орын)  лауазымына  қабылдауға конкурс жариялайды.

Мекеме атауы: Ақтөбе қаласы «А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназия» КММ

Білім беру ұйымының орналасқан жері: Есет батыр көшесі 144 А

Эл.поштасы:  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Телефон нөмірі: 8(7132)44-90-35

  1. Негізгі функционалдық міндеттері:

2.1 ҚР білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен (өзгерісі 31.03.2022 ж. №121) бекітілген педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3-тарау, 5-параграф, 58 тармақ білім беру ұйымы (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) басшысының (директорының) тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қойылған талаптарына сүйене отырып:

  • тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
  • тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;
  • аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады;
  • тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді;
  • тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;
  • педагогтарды іріктеуге қатысады, кәсіби даму, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
  • тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;
  • білім беру процесінің барлық қатысушыларының толерантты мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз етеді;
  • психологиялық қызметтің жұмысын және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу процесін үйлестіреді;
  • мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
  • білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады;
  • тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
  • киберкультураны (компьютерлік технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланады) және кибергигиенаны дамытады (интернет желісінде жұмыс істеу дағдылары мен білімі бар);
  • білім алушылардың, педагогтердің конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді;
  • кәсіптік бағыт беру жұмыстарын жүргізеді;
  • есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;
  • ата-аналар үшін педагогикалық консилиумдар ұйымдастырады және өткізеді;;
  • мектеп парламентінің, дебат қозғалысының, оқушылардың өзін-өзі басқаруының, "Жас қыран", "Жас ұлан" балалар ұйымдарының жұмыстарын ұйымдастырады;
  • "Қоғамға қызмет ету", "Отанға тағзым", "Үлкендерге құрмет", "Анаға құрмет" қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.;
  • адамгершілік-рухани білім беруді қамтамасыз етуде "өзін-өзі тану" пәнінің педагогымен өзара іс-қимыл жасайды;
  • білім беру ұйымдары түлектерінің қауымдастығын құру және қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;
  • педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасайды;
  • білім беру ұйымы мұражайының жұмысын ұйымдастырады;
  • туристік жорықтар мен экскурсиялар ұйымдастырады;
  • білім алушылардың бойында патриоттық тәрбие, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
  • білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

Еңбекке ақы төлеу мөлшері:

  • Мектеп директорының тәрбие жұмыс жөніндегі орынбасары еңбек ақысы: – 170000 – 190000 ( жүз жетпіс мың – жүз тоқсан мың) теңге (еңбек өтілі мен біліктілік санатына байланысты)

Бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы:

       -  Мектеп директорының тәрбие жұмыс жөніндегі орынбасары -1 бірлік  (тұрақты бос орын)

Білім беру ұйымы (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) басшысының (директорының) тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар:

1) Білім беру ұйымы (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) басшысының (директорының) тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қойылатын талап:

  • тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
  • және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы

Құжаттарды қабылдау мерзімі:  09-17 шілде 2026 ж.

Қажетті құжаттар тізбесі:

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығының  3-тарауы, 113-тармағы) көрсетілген қажетті құжаттар тізбесін  негізге ала отырып қағаз түрінде тапсырады. 

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.