Ақтөбе қалалық білім

бөлімінің басшысы

М.О.Қосымбаеваға

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы

ЛМГ» КММ-сі әкімшілігінен

 

Хабарлама

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгі ережелеріне» сәйкес «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ЛМГ» КММ-сі 2023-2024 оқу жылына қамқоршылық кеңесінің құрылуы және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдайтындығы туралы хабарлайды.

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ЛМГ» КММ-сі әкімшілігінен қамқоршылық кеңесінің құрамына үміткерлердің өтініштерін қабылдау. Ақтөбе қаласы, Есет батыра 144А, мекен-жайы бойынша жүргізіледі. Электронды мекен-жайы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  байланыс телефоны:  8(7132) 45 81 49

 Қамқоршылық кеңес - заңды және жеке тұлғалардан білім беру мекеме шотына түскен қайырымдылық жарналарына қоғамдық бақылау жүргізетін алқалы орган. 

Қамқоршылық кеңестің мақсаты:

1) білім беру ұйымының жарғы қызметтерін іске асыруына көмек беру;
2) білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында ұйымның педагогика ұжымы және оқушылар үшін қажетті жағдай жасау;
3) білім беру ұйымының материалды-техникалық базасын нығайту, қаржылай қамтамасыз ету;  

4) білім беру ұйымының әрі қарай дамуы үшін жәрдем ету;

        Қамқоршылық кеңесінің негізгі бағыттары

1) әлеуметтік-мәдени және сауықтыру шараларын өткізуде білім беру ұйымына көмек көрсету;  

2) тәрбие және білім саласындағы халықаралық қатынасты орнатуға және дамытуға жәрдемдесу; 

3) халықтың осал топтарынан шыққан оқушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайын жақсартуға, жұмысқа орналастыруға көмектесу;

4) білім беру ұйым жұмысындағы кемшіліктерін жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу.

        Қамқоршылық кеңестің міндеттері:

  • Білім беру үдерісін ұйымдастыруға және жетілдіруге жәрдем көрсету;
  • Білім беру ұйымына педагогика қызметкерлерінің және оқушылардың жұмысын ұйымдастыруға жәрдем ету;
  • Білім беру мекемесіне педагогика және басқа да қызметкерлердің еңбек жағдайын ұйымдастыруға және жақсартуға көмек көрсету;
  • Білім беру мекемесіне мәдени-сауықтыру, туристік-экскурсиялық және спорттық-көпшілік шараларын ұйымдастыруға көмектесу;
  • Білім беру мекемесіне материалды-техникалық базасын жетілдіруге жәрдемдесу; (аббаттандыру және жарықтандыру т.с.с.);
  • Білім беру мекемесін дамыту және білім үдерісінің аса тиімділігін қамтамасыз ету үшін бюджеттен тыс қаржы алу; 
  • Білім беру мекеме оқушыларының,тәрбиеленушілерінің және қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көмек көрсету.

 

 

 

Қамқоршылық кеңестің құрамына мүше болғыңыз келсе, төмендегі ұсынысты толтыруыңыз сұралады.

                                                                              

                                                                                                          Ақтөбе қалалық білім бөлімінің 

                                                                                                                  басшысы  М.О.Қосымбаеваға

                                                                                                            ___________________________

                                                                                                                       (өтініш берушінің аты жөні)

                                                                                                          тұратын жері _______________

                                                                                                                 _________________________

                                                                                                           (көше,үй пәтер)

Ұсыныс

       Мен________________________________________________№_______________________________                                                                                                                    (жеке куәліктің қашан, кіммен берілген)

      

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ЛМГ» КММ-сі қамқоршылық кеңесінің құрамына өз кандидатурамды ұсынамын. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым   министірінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген «Білім   беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру   және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» негізінде кеңестін   мүшелігіне кандидатқа қойылатын талаптарға сәйкестігімді растаймын.

                                                                                                                                                                                                ___________________

(тегі, аты-жөні)

_____________ (қолы)

«___» __________________2023ж