2024 жылғы 30 қаңтарда Абай шығармашылығын оқу арқылы көркем сөздің танымдық-тағылымдық, эстетикалық мән-маңызын түсінетін жас ұрпақты тәрбиелеп, оқушылардың зияткерлік-шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында 9-11 сынып оқушылары арасында республикалық Абайтану олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.
🔷Ұлы ақынның бай мұрасын оқушы санасына терең әрі жан-жақты сіңіре отырып, үлгі-өнегенің алтын қазығына айналдыруды көздеген, тәлім-тәрбиесі мол олимпиадаға біздің биылғы оқу жылының түлегі, пәндік олимпиадалардың бірнеше мәрте жеңімпазы Батырханқызы Әйгерім қатысып қайтты.
Қалалық кезеңнен 1-орынды жеңіп алып,қала намысын қорғаған Әйгеріім ұлы ақынның құнды мұраларына арналған байқаудан жүлделі екінші орынмен оралды.
🔹Облыстық деңгейдегі бұл жетістікке оқушына дайындаған жетекшісі-Дошниязова Қ.У.