«Ақтөбе облысы жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ-нің ұйымдастыруымен 12 қараша күні Ақтөбе қалалық Б.Момышұлы атындағы №62 ЖББОМ базасында Ақтөбе облысы бойынша мектеп ұстаздары арасында «Волейбол» жарысы өтті

Жарысқа 11 командадан сұраныс түсіп, жарыс 2 күнге созылды. 1-күнгі іріктеуден өткен командалар, 2-күні финалда кездесті. Жарыс қортындысы бойынша ІІІ орынды Әйтеке би ауданы С.Оразалин атындағы ЖОББМ командасы жеңіске жетіп, 30 000 мың, ІІ орынды Ақтөбе қаласы Ж.Тәшенов атындағы №68 ЖББОМ командасы жеңіпаз атанып, 50 000 мың, І-орынды А.Байтұрсынұлы атындағы ЛМГ командасы қанжығасына байлап, 200 000 мың теңгелік сертификатқа ие болды. Барлық жеңіпаз атанған командаларға грамоталар, медальдар мен кубоктар табысталды.

Сонымен қатар А.Байтұрсынұлы атындағы ЛМГ командасының ойыншысы Бейімбет Бақытбек "Үздік ойыншы" атағына ие болып, Түркия мемлекеті Анталия қаласына 8 күнге тегін жолдама берілді.

17 22 17 22 17 22 17 22 17 22