⚡Дүкенде құлап қалған бойжеткенге көмек көрсеткен Ақтөбе қаласындағы № 24 мектептің 11-сынып оқушысы Мейірбек Нұржанов және анасы Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтың алғыс хатымен басқарма басшысы Жайық Сұлтан марапаттады.
«Дүкен ішінде бір бойжеткеннің дем ала алмай, құлап бара жатқанын байқадым. Қасымдағы достарым жедел жәрдем қызметін шақырды. Мен дәрігер келгенше, алғашқы көмек көрсетуге тырыстым. Науқас тілін жұтып қоймас үшін тілін қолыммен ұстап тұрдым,» - дейді Мейірбек.
Сынып жетекшісінің айтуы бойынша, Мейірбек - ақкөңіл, достары арасында сыйлы, тәртібі жақсы оқушы. Ол өнерге жақын, ән айтқанды ұнатады. Волейбол үйірмесіне қатысып, қоғамдық жұмыстарға белсенді ат салысады. Биыл мектепті бітіретін Мейірбек әскери адам болуды армандайды.
АДАМ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛҒАН МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ МАРАПАТТАЛДЫ
