Адильжанов Абай Кульмухамедович 1970 жылы Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтының тарих факультетіне оқуға түсіп, 1975 жылы тарих пәні мұғалімі мамандығын бітірді. Еңбек жолын Орал облысының Чапаев ауданындағы Мерген орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Екі жылдан соң 1977 жылы Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Демитров орта мектебіне ауысып, директордың оқу ісі орынбасары қызметін атқарды.

1979 жылы Шұбарқұдық поселкесіндегі №3 қазақ орта мектебіне ауысып, тарих пәні мұғалімі қызметін атқарды. 1980 жылы отбасы құрып, 1981 жылы Темір ауданындағы Жамбыл атындағы орталау мектебіне директорлық қызметке тағайындалып, 1986 жылға дейін қызмет атқарды. 1986 жылдың күзінде Темір аудының Абай атындағы орта мектебіне директорлық қызметке тағайындалып, 1989 жылдың желтоқсан айына дейін қызмет етті. 1990 жылы Темір ауданының білім бөлімінде әдіскер қызметін 1996 жылдың күзіне дейін атқарды. Осы жылы Ақтөбе қаласына көшіп келіп, №36 қазақ орта мектебіне тарих пәні мұғалімі қызметіне орналасты.
2005 жылы №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясына ауысып, 2017 жылы оқу жылының соңына дейін тарих пәні мұғалімі болып жұмыс жасады.Зейнеткерлікке 2015 жылы шығып, 2 жыл мұғалім қызметін жалғастырды.
Ардагер ұстаздың бір ұлы, бір қызы бар. Екеуі де жоғарғы білімді, қызметте. Қазіргі таңда үш немеренің атасы.

02 2