Адильжанова Бибатпа Нурмухамбетовна 1956 жылы 6-наурызда Ақтөбе облысы Шалқар қаласында дүниеге келген. 1974 жылы Ақтөбе педагогикалық институтының физика факультетіне түсіп, 1978 жылы физика пәні мұғалімі мамандығын алып бітіріп шықты. Еңбек жолын Темір ауданы, Шұбарқұдық поселкесіндегі №3 қазақ орта мектебіне физика пәні мұғалімі қызметінен бастаған. 1990ж-1996ж. аралығында Шұбарқұдық поселкесіндегі №4 қазақ орта мектебінде физика пәні мұғалімі қызметін атқарған.

1996 жылы Ақтөбе қаласына көшіп келуіне байланысты, еңбек жолын №36 қазақ орта мектебіне физика пәні мұғалімі болып жалғастырған.
Нәтижелі жұмыс жасап, көзге көрінгені үшін екі жылдан соң осы мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылған. 2005 жылдың қазан айында №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясына ауысқаннан кейін үш ай физика пәні мұғалімі қызметін атқарып, 2006 жылы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалған. 2014 жылы зейнетке шығып, үш жыл қызметін жалғастырды. Осы қызметін 2017 оқу жылының соңына дейін атқарды.
Осы еңбек жолында Бибатпа Нурмухамбетовна аудандық, облыстық, қалалық оқу бөлімінен түрлі марапаттарға ие болды, екі мәрте 100,120 мың ақшалай сыйлық сертификатын алды.
Отбасында бір ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірген бақытты ана, аяулы әже.

02 1