Арыстанова Бижамал Сабырғалиқызы 1954 жылы 25-қарашада Орал облысы, Чапаев ауданы, Перімай совхозында Бітік ауылында дүние келді. 1973 жылы Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының тарих педагогика факультетіне оқуға түсіп, 1978 жылы “Тарих және қоғамтану пәні мұғалімі, тәрбие жұмысының методисі” мамандығын бітірді.

1978 жылдың қыркүйек айынан бастап Чапаева ауданы, Перімай орта мектеп-интернатында тарих , қоғамтану, құқық пәнінің мұғалімі ретінде ұстаздық қызметін бастады. 1979 жылы отбасы құруына байланысты Ақтөбе облысы, Комсомол ауданы, Қарашаотау орта мектебінде еңбек етті.
2007-2016 жылдар аралығында Ақтөбе қаласындағы №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясында тарих пәні мұғалімі болып қызмет етті.
Ұстаз әр ұжымнан өзіне тәжірибе жинап, сол ұжымға сай өзі де еңбек ету керек. Ардагер ұстаз шебер, тәжірибелі, әдіс-тәсілдері тиімді ұстаздармен еңбек еткенін мақтан етеді. Мектеп-гимназияда еңбек ету барысында Республикалық 12 жылдық оқыту экспериментін жүзеге асыру мақсатындағы сыныптарға сабақ беріп, сонымен қатар Республикалық оқулықтарды талдауға қатысты. 2010 жылы осы мақсатта өткізілген облыстық семинарда экспериментатор мұғалім ретінде 8 сыныпқа “Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс” тақырыбында сабақ беріп, Республикалық мақтау грамотасымен марапатталды.
Шәкірттері қазақстан тарихы және құқық пәндерінен қалалық, облыстық олимпиадалардан жүлделі орын алды. 2004-2016 жылдар аралығындағы түлектерге қазақстан тарихы және дүниежүзі тарихы пәндерінен сабақ беріп, тестке дайындау барысында өте жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Бижамал Сабырғалиқызының ізін қуған тарих пәні мұғалімдері қазіргі таңда қаламызда және басқа да облыстарда абыройлы еңбек етуде. Сол еңбегі бағаланып Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 10 жылдығы төсбелгісімен марапатталды.
Ұстазымыз бір ұл мен бір қыздың аяулы анасы және үш немеренің ардақты әжесі.

02 4