Ғасырлық ғұмырымызда арыны басылмаған алып жыршы, шұрайлы өшпес мұра қалдырған дүлдүл ақын Жамбыл Жабаевты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған республикалық "Жыр алыбы - Жамбыл" атты жас ақындар айтысының қалалық кезеңіне мектеп-гиназия жас ақыны 8 "Г" класс оқушысы Ермек Нұрислам қатысып жүлделі 3- орынды иеленді.

Нұрисламды мектебімізде қанаты енді қатайып келе жатқан жас айтыскер ретінде де таниды. Қалалық ақындар айтысында өзінің ұтқырлығы мен тапқырлығы арқылы көзге түсіп, айтыс өнерінде жас болса да, биік шыңдардан көріне білуіне көп дайындық жұмыстарын жүргізген ұстазы Оралбай Каметия ағайына зор алғыс білдіреміз.

Нұрислам меңгерген бар білімін, бойға біткен өнерін жоғалтпай, әрі қарай шыңдап, Қазақстанның жарқын болашағы жолында талмай іздене беруіне тілектеспіз.