А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназияда «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» кезекті 2-сабағы өтті.
1-4 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Білімдіге дүние жарық. Танып білу қуанышы: сүйсініп оқу» .Сабақтың мақсаты: мектептің оқу процесіне сәтті бейімделуі үшін балалардың когнитивтік дағдыларын дамытуға ата-аналардың дайындығын қалыптастыру.
5-9 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Ақыл айтпа, жол көрсет.
Оқытудың жаңа шарттары: бала қалай бейімделеді»
Сабақтың мақсаты: ата-аналардың балаларды жаңа жағдайға бейімдеу қабілеттерін дамыту.
10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Көркем мінез – баға жетпе байлық. Эмоцианалды интеллект – табысты тұлғаның негізі»Сабақтың мақсаты: ата-аналардың эмоционалды құзыреттілігін, өзіндік сана-сезім, өзін-өзі реттеу, эмпатия және қарым-қатынасты реттеу дағдыларын дамыту мақсатында сабақтар өткізіліп, ата-аналардың көңілінен шықты.
Сабақ берген ұстаздарымыз: Баймагамбетова К.Б. Кожабаева А.Ж. Дошниязова Қ.У. Абдиреева Ж.А. Хаширметова Х.Р. Кушкарбаева А.О. ата-аналардың ыстық ықыласына бөленді.