Бүгін мектеп-гимназияда Тіл мерекесіне және Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай жоспарланған іс-шаралар тізбегіне сәйкес мұғалімдер арасында "Ұлт ұстазының ұлы жолымен..."атты интеллектуалды ойталқы ұйымдастырылды.
-Ұстаздықтың ұлы көшін бастаған Ахмет Байтұрсынұлының мол мұрасын тану- оның атын иеленген мектеп-гимназиядағы әр ұстаздың басты міндеті.
-Сондықтан да айтулы мерекеде іс-шаралар тек оқушыларға ғана емес,ұстаздарға да жоспарланған болатын.
-Кеш барысында қатысушы мұғалімдер Ахаңның өмірі мен мұрасын қаншалықты білетіндіктері тұрғысынан додаға түсіп,әрі қарай ғалымның өсиет еткен нақыл сөздері мен бүгінгі қоғамдағы көкейкесті мәселелер яғни ана тілі,тарих,ұлтжандылық, оқу-ағарту ісі,білім мен ғылым,ұрпақ тәрбиесі төңірегінде өз пікірлерін ортаға салып, келелі ойларын білдірді.
- Ұстаздар қауымы қай кезеңде де өздерінің ұлт ,тіл жанашыры, Ахаң ізін жалғаушы ізбасарлары мен аманатын жүзеге асырушы екендіктеріне тағы да бір көз жеткізді.