Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы #2 Жарлығымен бекітілген *"Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым "* сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 77 тармағына сәйкес ағымдағы жаңа оқу жылынан бастап 1-4 сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ ұйымдастыру тапсырмасы беріліп, облыстық мәслихатының 28.04.2023жылғы #13 шешіміне сәйкес “А.Байтұрсынұлы атындағы ЛМГ” 4 қыркүйектен бастап 1-4 кластардың 575 оқушы және 5-11 кластардың жекеленген әлеуметтік арнайы санаттағы оқушылар ыстық тегін тамақпен қамтылды.