2023 жылдың 26 сәуірі күні Қалалық «Әдістемелік кабинет» КММ жоспарына сәйкес  жас директорларға арналған «Бірлескен жұмыс: Нәтижеге бағытталған оқу-тәрбие үдерісін тиімді жоспарлау» тақырыбында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназияда қалалық семинар өткізілді.
Мақсаты: Білім беру ұйымдары басшыларының басшылық пен басқарушылық құзіреттілігін жетілдіру, ұжымдық жұмысты дамыту, білім сапасын арттыруда әріптестермен іс-тәжірибе алмасу.

Аталған шараға Ақтөбе қаласының білім бөлімі басшысы Қосымбаева М.О., қалалық «Әдістемелік кабинет» КММ әдіскері Садыкова А.С. мен жас мектеп директорлары қатысты.

Семинарды алғы сөзбен «Әдістемелік кабинет» КММ директоры Қосымбаева М.О. ашты.
Мектеп психологы Ұзақова Н.С. «Мен қандай басшымын?» тақырыбында басшыларға қойылатын талаптар мен қажетті қабілет, қасиеттер  турасында  психологиялық тренинг ұйымдастырып, семинардың табысты әрі көтеріңкі көңіл-күймен өтуіне сәттілік тіледі.
«Мектеп басшысының оқу-тәрбие процесін нығайтудағы рөлі» тақырыбында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназия директоры Ешмухамбетова Г.А. білім ордасының тыныс тіршілігі туралы таныстыра отырып, ондағы атқарылып жатқан табысты жұмыстармен және мектепті басқарудағы тәжірибесімен бөлісті.
«Орталау ұядан Ахаң ордасына дейін» тақырыбында директордың оқу жөніндегі орынбасары Матенова Г.Ж. мектеп-гимназияның №37 орталау мектеп болып ашылғаннан бастап       №24 орта мектеп және  №24 лингвистикалық мектеп-гимназиядан  қазіргі күнге дейінгі тарихымен таныстырды. «Кадр тұрақтылығы-табысты оқу кепілі» тақырыбында директордың әдістемелік   ісі жөніндегі орынбасары Жантөре М.Қ., «Оқушылардың бос уақытын ұтымды пайдалану әдістері», «Баланың бас ұстазы – ата-анасы» бойынша бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мамутова Г.У., «Бірге болу-ілгерілеу, бірге жұмыс істеу - жетістік» тақырыбында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жакина Д.Г.мен LS зерттеу тобының жетекшісі, тарих пәні мұғалімі СартаеваГ.Қ., «Рухани кемелдену кітапхан басталады» кітапханашы әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Утеулиев Қ.К.өз жұмыс салалары бойынша іс-тәжірибелерін ортаға салды.