2023 жылдың 10 қараша күні қалалық “Әдістемелік кабинет” КММ жоспарына сәйкес А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназияның биология пәні мұғалімі Н.С.Мусиралинаның шебер класс отырысы өткізілді. «Функциональдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмалардың ерекшеліктері» тақырыбындағы шебер кластың мақсаты: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру арқылы алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге және заман талабына сай жұмыс жасау іскерлігін дамытуға тәрбиелеу.

Аталған шебер класқа “Әдістемелік кабинет” КММ әдіскері А. Садыкова мен қала мектептерінен мүше болған биология пәні мұғалімдері қатысты. “Жақсы көңіл күй-жан шуағы” тренингінен кейін А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназияның биология пәні мұғалімі педагог-зерттеуші Н.С.Мусиралина “Функционалдық сауаттылық тапсырмаларын сабақта қолдану” туралы өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Шебер класс мүшелері топпен жұмыс жасап,функциональдық тапсырмалар дайындап үйренді. “Блоб” ағашын бояу арқылы жүргізілген рефлексия бөлімінде шебер класс мүшелері алған әсерлерін ортаға салды.