«А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназия»КММ-де жасөспірімдерді волонтерлық жұмысына тарту бойынша «Еріктілер - ел ертеңі» тақырыбында 8-9-сынып арасында топтық сайыс өтті.
Сайыстың мақсаты: «Еңбегі адал жас өрен» және «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобалары аясында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, бос уақытын тиімді өткізуге және волонтерлық жұмысқа тарту болды. Іс-шараға қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Кульжанова Р.Ж., Ақтөбе облыстық «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Тыныштық Ә., мектеп-гимназия «Даналық мектебі» мүшесі Тәжбенова И. қатысып, топтардың жұмысын бағалады.