Дыбыстың теріп сөз ғып, буған гүлін.
Қайырған қайдағыны жүйрік ең сен,
Мен тосып, құтыла алмас қусам білім, - деп ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы жырлағандай, тарихы терең, қасиет тұнған баба тіліміздің төл мерекесіне орай жоспарланған үшкүндік бағдарламаға сәйкес 8-кластар арасында «Тіл тазалығы - ұлт қасиетінің нағыз белгісі» атты білім бәйгесі ұйымдастырылды.
🔶️Білім бәйгесінің мақсаты: Оқушыларды туған тілін қастерлеп, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттай отырып, достық қарым-қатынасқа, тапқырлыққа бейімдеу.
🔶️ Интеллектуалды ойынға 8-кластардан үш құрама топ қатысып, өзара білім бәйгесіне түсті. Үш кезеңнен тұратын шараның бірінші кезеңінде қатысушылар үй жұмысы ретінде Ахмет Байтұрсынұлының «Жарлы мен бай», «Қартайған арыстан» , «Кісі мен аю» атты мысал өлеңдерін сахналады. Ал сайыстың екінші кезеңінде ғалым А.Байтұрсынұлы негізін қалаған тіл білімінің теориялық қырын оқушылардың қаншалықты меңгергендігі ұсынылған сұрақтарға жедел жауап беру арқылы анықталды. Үшінші бөлімде «Ойлан, тап...» айналымына кезек беріліп, әр топ берілген сөздер мен тіркестерді жинақтау арқылы тіл туралы мақал-мәтелдерді құрастырды. Бұл жерде ойдың ұшқырлығы мен шапшаңдық басты назарға алынды.
🔶️Шара соңында қазылар алқасы өз төреліктерін айтып, оқушылардың білімін, ой ұшқырлығын бағалап, мадақтау қағаздарын ұсынды.