Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі
№ 355 бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгі ережелеріне» сәйкес «А.Байтұрсынұлы атындағы ЛМГ» КММ 2023-2024 оқу жылының II жарты жылдығында қамқоршылық кеңесінің құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстарды қабылдайтындығы туралы хабарлайды.
«А.Байтұрсынұлы атындағы ЛМГ» КММ қамқоршылық кеңесінің құрамына үміткерлердің ұсыныстарын қабылдау Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Есет батыр көшесі 144А мекен-жайы бойынша жүргізіледі. Электронды мекен-жайы: e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. байланыс телефоны: 8(7132) 45 81 49
Қамқоршылық кеңес - заңды және жеке тұлғалардан білім беру мекеме шотына түскен түскен қайырымдылық жарналарына қоғамдық бақылау жүргізетін орган.
Қамқоршылық кеңестің мақсаты:
- білім беру ұйымының жарғы қызметтерін іске асыруына көмек беру;
- білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында ұйымының педагогика ұжымы және оқушылар үшін қажетті жағдай жасау;
- білім беру ұйымының материалды-техникалық базасын нығайту, қаржылай қамтамасыз ету;
- білім беру ұйымының әрі қарай дамуы үшін жәрдем ету;
Қамқоршылық кеңесінің негізгі бағыттары
- әлеуметтік-мәдени және сауықтыру шараларын өткізуде білім беру ұйымына көмек көрсету;
- тәрбие және білім саласындағы халықаралық қатынасты орнатуға және дамытуға жәрдемдесу;
- халықтың осал топтарынан шыққан оқушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайын жақсартуға, жұмысқа орналастыруға көмектесу;
- білім беру ұйым жұмысындағы кемшіліктерін жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу.
Қамқоршылық кеңестің міндеттері:
- Білім беру үдерісін ұйымдастыруға және жетілдіруге жәрдем көрсету;
- Білім беру ұйымына педагогика қызметкерлерінің және оқушылардың жұмысын ұйымдастыруға жәрдем ету;
- Білім беру мекемесіне педагогика және басқа да қызметкерлердің еңбек жағдайын ұйымдастыруға және жақсартуға көмек көрсету;
- Білім беру мекемесіне мәдени-сауықтыру, туристік-экскурсиялық және спорттық-көпшілік шараларын ұйымдастыруға көмектесу;
- Білім беру мекемесіне материалды-техникалық базасын жетілдіруге жәрдемдесу; (абаттандыру және жарақтандыу т.с.с);
- Білім беру мекемесін дамыту және білім үдерісінің аса тиімділігін қамтамасыз ету үшін бюджеттен тыс қаржы алу;
- Білім беру мекеме оқушыларының, тәрбиеленушілерінің және қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көмек көрсету.
Қамқоршылық кеңесінің құрамына мүше болғыңыз келсе, төмендегі өтінішті толтыруыңыз сұралады.
«А.Байтұрсынұлы атындағы ЛМГ»
КММ директоры Г.А Ешмухамбетоваға
____________________________________
(өтініш берушінің аты-жөні)
тұратын жері ________________________
_____________________________________
(көше,үй пәтер)
Өтініш
Мен ________________________________ №_______________________
(жеке куәліктің қашан, кімнен берілген )
«А.Байтұрсынұлы атындағы ЛМГ» КММ-нің қамқоршылық кеңестің құрамына өз кандидатурамды ұсынамын. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» негізінде кеңестің мүшелігіне кандидатқа қойылатын талаптарға сәйкестігімді растаймын.
______________(тегі, аты-жөні)
_____________________(қолы)
«___» _______________ 2024 ж.