Кистаубаева (бұрынғы тегі Қайырова) Рысты Сәкенқызы 1958 жылы 10 шілдеде Темір ауданының Еңбек селосында дүниеге келді. 1973 жылы Ақтөбе қаласының №16 орыс-қазақ аралас мектебінің 8-сыныбын бітіріп, Ақтөбе педагогикалық училищесіне оқуға түсті.
1977 жылы педагогикалық училищені арнаулы орта блім алып, бастауыш класс мұғалімі деген квалификацияға ие болды.
Еңбек жолын №6 мектепте 1977 жылы аға пионервожатый қызметінен бастады.
1979 жылы №21 мектепке ауысып, аға вожатый қызметін жалғастырды. 1981 жылы №21 мектепте бастауыш класс мұғалімі болып,1991 жылы №21 мектеп - №34 мектептің нөмерлері ауыстырылуына байланысты бастауыш класс мұғалімі болып жұмыс жалғастырды. 2000 жылы №28 орыс-қазақ мектебінде бастауыш класс мұғалімі болып жұмыс жасады.. Сол жылы №46 мектеп-балабақша кешеніне бастауыш класс мұғалімі болып ауысты. 2004 жылы №46 мектеп-балабақша кешенінің, мектеп бөлімі жабылуына байланысты №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясына бастауыш класс мұғалімі қызметін ауысты.
Бүгінгі таңда Рысты Сәкенқызы-ардақты ана,немерелерінің сүйікті әжесі.