1978 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогика институтын химия, биология мамандығы бойынша бітірген. Бірнеше еңбек жолының баспалдағынан өткен. Жас маман еңбек жолын Қарабұтақ ауданы Т.Г.Шевченко атындағы мектепте химия- биология пәндері мұғалімі болып бастаған.
Аталған мектепте директордың орынбасары, мектеп директоры қызметін атқарған. Кейіннен аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, аудандық комитет төрағасының орынбасары, аудандық әкімшілік басшысының орынбасары қызметін атқарған. Қоныс аударуына байланысты Ақтөбе қалалық әкім аппаратында ішкі саясат бөлім меңгерушісінің орынбасары, №36 қазақ орта мектебінде басшылық қызмет атқарып, 2005 жылдан бастап №24 лингвистикалық мектеп- гимназияда басшылық қызметті жалғастырған.
Сара Алмуратовна басшылық еткен кезде мектеп- гимназия 2010 жылы «Облыстың үздік инновациялық мектебі» номинациясын иеленді.
Білім ордасының, мұғалімдер мен оқушылардың жоғары жетістіктерге жетуіне қолдау көрсетіп, ұйытқы болып тынымсыз еңбегінің арқасында Сара Алмуратовна іскер басшы ретінде бірнеше мәрте қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі құрмет грамоталарымен марапатталды.
2013 жылы Қазақстан Республикасының «Ы.Алтынсарин атындағы» медалін иеленген.Қазіргі таңда құрметті еңбек демалысындағы ардагер ұстаз.