Біздің қадірлі мектеп-гимназиямыз - мақтануға тұрарлық білім ордасы. Оның бір дәлелі - бір басына сан өнерді жіліктеген ұстаздарымыз. Бар мейірі мен пейілін оқушыға арнаған ардақты ұстаздарымыз әр уақыт өз білімдерін жетілдірумен айналысады.

Осы орайда, мектеп-гимназияда "Оқуға құштар мектеп- оқуға құштар ұлт" жобасы аясында кітап оқу жарысы өткізілген болатын. Аталған жарысымызға қатысқан мұғалімдеріміздің дүбірлі додасы 3 кезеңнен тұрды. Тәңір берген тәтті сыйымыз Тәуелсіздікті сипаттаған Бексұлтан Нұржекеұлының "Әй, дүние-ай!" шығармасының желісі бойынша ұйымдастырылған жарысымыз өте жоғары деңгейде өтті. Ұстаздарымыз осы додадан керемет әсер ала білді. Алдағы уақытта әлі де жалғасын тауып, басқаша үлгіде қайта өткізуді жоспарлап отырмыз.

Жарысымыздың жеңімпаздары төмендегідей:

1-кезең жеңімпазы Ермек Нұрлықиялұлы

2-кезең жеңімпазы Назгүл Самалыққызы

3-кезең(финал) Назгүл Самалыққызы

Арнайы жүлде иегері -Айгүл Жәнібекқызы