Кунтуова Сандуғаш Сапақызы 1958 жылдың 15-ші қаңтарында Ақтөбе облысы Ырғыз (қазіргі Әйтеке би) ауданы, Жабасақ кеңшарында дүниеге келген. Әкесі Әбдібеков Сапа тарих пәнінің мұғалімі, анасы Есқалиева Жамаш үй шаруасындағы әйел. Бастауыш кластарды Жамбыл бастауыш мектебінде оқып, орта мектепті Урожайный совхозында, Урожайный орыс мектебінде жалғастырған.
1976 жылы 10 жылдықты аяқтағаннан кейін, 1 жыл өз мектебінде еңбек еткен.
1977 жылы Ақтөбе педагогикалық институтының физика-математика факультетіне оқуға түсіп, 1981жылы математика пәнінің мұғалімі мамандығын иеленді.
41 жыл білім саласында өз мамандығы бойынша еңбек етіп, Ақтөбе қаласы №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясынан зейнетке шықты.
Сандуғаш Сапақызы еңбекте бағы жанған ұлағатты ұстаз,отбасында ардақты ана,сүйікті әже.