«Мектепке жол» Республикалық акциясы жыл бойы жалғасын табады. Осы қайырымдылық акциясы аясында көмек қолын созамын дейтін жанашыр жандарға әрқашан есігіміз ашық.
Әлеуметтік ақциясының қарсаңында, егеменді еліміздің Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Ақтөбе облысы жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ-ның төрағасы Ж.М.Табылғанов әлеуметтік санаттағы отбасы балаларына көмек ретінде өз атынан демеушілік көрсетіп, 200 000 (екі жүз мың) теңге көлемінде әртүрлі киімдермен қамтамасыз етті. Әлеуметтік саннаттағы отбасы балаларын жас ерекшеліктеріне орай ата-аналарын шақырып, үлестіріп бердік. Ата-аналар мектеп тарапына да, демеуші болған жандарға да өз алғыстарын жаударды. Біз жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған халықтың ұрпағымыз. Бұның дәлелі бүгінгі күні өңірімізде жылы жүректі, жомарт жандардың арамыздан табылып жатқаны көңілді қуантады.
Мектеп-гимназия ұжымы атынан мереке қарсаңында демеушілік көрсеткен жомарт жан, шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған «Ақтөбе облысы жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ-ның төрағасы және біздің мектепте қамқоршылық кеңесінің мүшесі Табылганов Жандос Махмутовичке алғысымызды білдіреміз.@amido_aktobe>