⚡️Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес №69 жалпы білім беретін орта мектебінің директоры А.Абжалелованың «Мектептегі өзгерістерді басқарудағы басшы орынбасарының қызметі» тақырыбындағы облыстық шығармашылық шеберханасының екінші отырысы онлайн форматта өтті.
📃Шеберхана отырысында жоспарға сай «Білім беру ұйымының миссиясы мен болашаққа бағдары» және «Мектепті дамыту жоспарына қойылатын талаптар» тақырыбында мәселелер қарастырылды. Шеберхана жұмысында «Қазіргі мектепті дамыту мәселелері» қарастырылып, «Мен ешқашан жасай алмаймын» тренингімен мектеп психологы А.Саин және шеберхана отырысының тәжірибелік бөлігінде мүшелері Б.Абдрахманова, А.Байменова, Г.Алашбаева тәжірибелерін ортаға салды.
✔️Шеберхана мүшелері қарастырылған және келесі отырыста айтылатын мәселелер бойынша өз ой пікірлерін ортаға салды.
Мектептегі өзгерістерді басқарудағы басшы орынбасарының қызметі
