"Оқуға құштар мектеп -оқуға құштар ұлт" жобасы аясында 25 қазан - Республика күніне орай мектеп-гимназияның 5-класс оқушылары арасында "Республикам менің" тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Жас оқырмандар елімізге белгілі ақындардың жалынды жырларын жатқа әрі мәнерлеп оқып, сайыс көркін қыздыра білді.
Өлеңге жаны құштар оқушыларымыздың сайыс нәтижесі төмендегідей:
Бас жүлде Тобыш Раяна 5 "Ғ" класы
1-орын Сайран Сардар 5 "А" класы
2-орын Шүренов Нұрәли 5 "А" класы, Асланова Айқаракөз 5 "В" класы
3-орын Утемисова Айша 5 "Ғ" класы, Наурыз Айару 5 "Ә" класы, Мамбеткаримова Пердеш 5 "В", Ақбалаева Еркежан 5 "А" класы.
Жырға жаны құмар дарынды шәкірттеріміз көп болсын!