"Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт" жобасы аясында көптеген іс-шаралар атқарылуда. Осы жоба аясындағы жоспарға сәйкес тарих бірлестігі апталығының ашылу сәті Сұлтан Бейбарыстың туғанына 800 жыл толуына арналды.
⚜️"Даламның дара перзенті" тақырыбындағы әдеби кеште мәмлүк сұлтанының өмірінен деректер көрсетілді. Дешті Қыпшақ даласынан шыққан Бейбарыс Мысыр билеушісіне дейінгі лауазымға көтерілген тарихи тұлға. Қазақ топырағында туып, бүкіл әлемге әйгілі тұлға болған және өз билігі тұсында ғылымның қарыштап дамуына зор үлесін қосқан даңқты басшы.
⚜️Осы бабалардың ерлігі мен қылған қызметі біздің жүрегімізге мақтаныш ұялатады. Бабаларының қандай қайсар да ержүректігін көріп-біліп өскен ұрпақ міндетті түрде сол бабалары секілді өсері сөзсіз.