Оқушылардың демалысында мұғалімдер немен айналысады деп ойлайсыз ?!
Әркім өзін ұдайы дамытып отырғанда ғана қазіргі қоғамда сұранысқа ие маман бола алады!
Мектеп ұжымы да өзін өзі дамытуға көп мән береді.
Осы орайда демалыс күндерінің бірінде мұғалімдерге «БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН ҰЖЫМ» тақырыбында тимбилдинг өткізілді.
Онда бірігіп әрекет етуді дағдыландыру мақсатында тимбилдинг жаттығулары қолданылды.
Белсенді, дарынды, жан-жақты мамандарымыз бұл күні жасы мен қызметіне қарамай, бір сапта тұрып, бір “команда” болып өнер мен білімдерін ортаға салды.
Мұғалімдер көздерін жұмып “Шеңбердегі фигураларды” жасады, бір-біріне сенуге итермелейтін жаттығулар да болды! Зейінін, жылдамдығын тексеретін кезеңдер де тартысты өтті.