2024 жылдың 13 қаңтарында “А.Байтұрсынұлы атындағы ЛМГ” жұмыс жоспарына сәйкес “Педагогикалық білім берудегі трендтер” тақырыбында әдістемелік сағат өтті.

Мақсаты педагогтердің жаңа көзқарастары мен идеяларды жүзеге асыратын шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, мұғалім мен оқушы міндеттерін нақтылауға қолдау көрсету.

Педагогтер әдістемелік сағат барысында заманауи білім беру тренді кеңістігінде жұмыс жолдарын түсіне отырып, тәжірибе алмасты.