Расында,Мейірбек - бүгінгі күннің батыры.Бүгін өңір басшысымен кездесуде болып қайтқан Мейірбек алған әсерін мектеп-басшысы Ғалия Ағымбетқызымен бөлісті.
🎉🎉Жаратылысында ұяң,сыпайы,қарапайым оқушы бейтаныс қыздың ауыр халін көріп,қорықпастан алғашқы көмегін көрсете алды.”Адамзаттың бәрін сүй,бауырың” деп ұлы ғұлама Абай Құнанбайұлы айтпақшы,адам баласына,анасына,қыз баласына деген жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсеткен алтын бала алқалы жиында болып,кеудесін мақтаныш сезімі билегенін шаттанып айта алмаса да,қуанышты екенін нұр шашқан жанарынан байқатты.
🎉🎉Мектеп-гимназия басшысы алдыңғы-кейінгі толқынға үлгі етерлік шәкіртінің болашағына сәтті қадам тілеп,өз атынан Алғыс хат табыстады.Анасы мен бауырының қамқоршысы болып,өзі таңдап отырған Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Ж. Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтына оқуға түсіп кетуіне тілектестігін білдірді.