Ағымдағы жылдың 19 қазан күні облыстық жастар ресурстық орталығының қолдауымен Ақтөбе облыстық жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы ұйымдастыруымен облыстық «Үлгілі келін -2023 » байқауы өтті
Шара отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталды
Сонымен қатар жас келіндерді әдептілік пен имандылыққа, ақылдылық пен сымбаттылыққа, өнерлілік пен пысықтыққа баулу және болашақ аяулы ана, асыл жар, үлгілі келін ретінде өз-өздерін қалыптастыру мақсатында, байқаудың шарттары негізінде, өздерін сынап көруге, бақ сынасуға мүмкіндік туғызды
Байқау барысында шарттарды орындау арқылы, жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, бас жүлдені А Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі, тарих ғылымының магистрі Камила Хожамуратова ( астау және Анталия қаласына 2 адамға жолдаманы) жеңіп алды.
Байқауға қатысқан жас келіндерге демеушілер атынан арнайы алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Байқауға қатысқан жас келіндерімізге және қолдау көрсеткен демеушілерге алғыс білдіре отырып, алдағы уақытқа тек сәттілік тілейміз!