Академия сайтында «Алтынсарин Академиясының хабаршысы» журналының төртінші саны жарияланғанын хабарлаймыз. Журналдың мақсаты – мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету және озық педагогикалық тәжірибемен алмасу.
Журнал келесі айдарлардан тұрады: білім беру саясаты, оқыту әдістемесі: тәжірибе және жаңашылдық, тәрбие үдерісі және психологиялық қызмет, арнайы және инклюзивті білім беру.
«Әдістемелік компас» айдарында «Орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг нәтижелерін кешенді талдау (ББЖМ-2023)» аналитикалық есебі, Инклюзия жағдайында білім беру процесі үшін заманауи ресурстарды пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдар және Педагогтердің инклюзивті білім беру саласындағы нормативтік құқықтық құжаттарды орындауы бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.