🎄Сіздерді келе жатқан 2024 жылмен құттықтаймын!

🎄Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, отбасыларыңызға амандық пен бейбіт өмір тілеймін. Жаңа жыл мол қуаныш пен жағымды естеліктер сыйлап, барлық жоспарларыңыз міндетті түрде орындалсын.

🎄Ортақ Отанымыз өркендеп, қарқынды дамуын жалғастыра берсін! Әр отбасы мейірім, шаттық пен бақытқа толы болсын!

❄️Мектеп- гимназияның абыройы үшін, келешегіміздің жарқын болуы үшін еңбек етіп жүрген әріптестерімізге жаңа жыл тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң өзгерістер, қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдерге толы жыл болсын деген тілегім бар!

❄️Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназия директоры Ешмухамбетова Ғалия Ағымбетқызы