Саналиева Жұмазия Битөлеқызы 1961 жылы, 24 маусымда Ойыл ауыл советінде, Қызылқоға ауданы, Гурнь облысында дүниеге келді. Атырау қаласындағы С.Мендешев атындағы мұғалімдер даярлайтын институттың күндізгі бөліміне қабылданып, осы аталған оқу орнын биология және қосымша химия мамандығы бойынша 1984 жылы бітірді.
Миялы қазақ орта мектебіне аға пионер вожатый және 7-8 кластарға химия пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасты. Курстарға, семинарларға қатысып бірнеше рет алғыс алып, Аудандық Құрмет тақтасынан орын алды.
1988 жылы Ақтөбе облысының Ойыл аудандық балалар үйіне үйірме жетекшісі, 02.09.93 ж бастап Ойыл аудандық балалар үйінің директоры, 01.09.94 ж бастап Ойыл аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің тәрбие жұмыстары жөніндегі әдіскері болып қызмет атқарды.
1997 жылдан №24 ЛМГ-да биология және химия пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарып келді. Бүгінде құрметті демалыстағы зейнеткер ұстаз.