"А. Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназия" КММ-де "Төрт тоқсан-төрт өнер" жобасы аясында "Алтын сақа" республикалық челленджі " өтті. Челлендж мақсаты — білім алушыларды рухани- адамгершілік, патриоттық бағытта тәрбиелеу, мәдени құндылықтарды сақтау және ұлттық ойындарды дәріптеу.
Челленджге қатысқан оқушылар, ата-аналар, ұстаздар "Үш табан", "Бес асық" ойындарын ойнап, өз ара бақ сынасты. Челленджге белсене қатысқан ойыншылар іс-шара соңында Алғыс хатпен марапатталды.