Төтенше жағдайда адамдарды аман сақтап қалу - басты мақсат. Осы орайда, адамдардың денсаулығы, қоршаған орта және шаруашылық нысандарға залал келтірілуіне жол бермеу қажет. Өйткені, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші нысандарды төтенше жағдайлар мен олардың туғызған зардаптарынан қорғау, мемлекеттік саясатты жүргізудің басым салаларының бірі болып саналады.
Осы мақсатта мектеп-гимназияда төтенше жағдайлар кезінде білім ошағынан адамдарды эвакуациялауды пысықтау мақсатында оқу-жаттығу өткізілді.
Жаттығу кезінде мектептегі оқушылар мен мұғалімдердің дабылға сәйкес дер кезінде шығып үлгеруі, сынып жетекшілерінің мемлекеттік құжаттарды қалдырмай алып шығуы сияқты т.б. талаптар қойылды, қауіпті жағдайда өздерін ұстай білу машығын қалыптастыру мәселелеріне назар аударылды. Ғимараттағы барлық есіктер ашылып, сыныптарында отырған оқушылар мен мұғалімдер сыртқа шығарылып, мектеп ауласына сапқа тұрғызылды.
Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Ербол Әбілғазыұлы төтенше жағдайлар орын алған жағдайда, осындай қиын сәттерге кез-келген адам дайын болу қажеттілігі жөнінде түсіндірме жұмысын тағы бір мәрте пысықтап өтті.