Талай күндер төккен термен өткен күн,
💐Қуаныштың нәрі көктен сепкен күн.
💐Талай жылдар тағылымы толысып,
💐Еңбектен соң зейнет келіп жеткен күн.
💐Еленді еңбек қуанышты бәріміз,
💐Зейнет жаспен құлпырады сәніңіз.
💐Жалынды жас кейпін әлі сақтапсыз,
💐Қуанышқа ортақ кіші - кәріміз.

🌹Мектеп-гимназияда ұзақ жылдар бойы еңбек етіп,ұлағатты ұстаз атанған Қалабазарова Жанна Алсейтовна мен ғимараттың тазалығы мен әдемілігіне асқан жауапкершілікпен қарап,аянбай еңбек етіп келе жатқан кіші қызметкер Урысбаева Гүлбикеш Ізтілеуқызын құрметті зейнеткерлікке салтанатты түрде шығарып салу кеші болып өтті.

💐"Абыройлы еңбектен-құрметті зейнетке" тақырыбымен аталған кеште мерейтой иелеріне үлкен құрмет көрсетілді. Ұстаз есімі- әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі - ұстаз. «Ұстаздан тәрбие алған»немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «Ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Осы ұстаздық жолды таңдап, 38 жыл бастауыш сынып мұғалімі болып еңбек еткен Қалабазарова Жанна Алсейтовнаның білім нәрімен сусындатып,тәрбиелеген шәкірттерінен де алғыс хаттар келіп жатты.
🌷Абыройлы еңбекпен зейнеткерлік жасқа толған қуаныш иелеріне әрқашанда мықты денсаулық, отбасылық бақыт, шат-шадыман ғұмыр тілейміз.

🌺Зейнеткерлік жасқа толған қос әріптеске қалыптасқан дәстүр бойынша ескерткішке бағалы бұйым сыйға тартылды.