Мектеп-гимназияның білім алушыларына "Ғажапқа толы Жаңа жыл" тақырыбында шырша мерекесі ұйымдастырылды.

Мектеп мәжіліс залында өткен әдемі шараны МГ басшысы Галия Агимбетовна ашып, өткен жылдың жетістіктеріне тоқтала келе, алдағы жылға сәттілік, үздік білім, үлгілі тәртіп тіледі.

Жаңа Жылдық кеште бастауыш класс мұғалімдері түрлі оқушы қызығатын, сүйіп көретін кейіпкерлер рөлдерін сомдап, өте тартымды, қызық өткізуге атсалысты.Оқушылар мектеп қабырғасында өткен мерекеге тақпақтар жаттап, ән салып, би биледі. Аяз Ата мен Ақшақардан тәтті сыйлықтар алып, қуанысып тарқасты.

Төрлет Жаңа 2024 Жыл!

@tarbie_tynysy
@obrazovanie_gorod_aktobe
@aqtobe_bilim_basqarmasy