Республикалық “Тоғыз айға 9 іс- шара” жобасы аясында 26 қаңтар күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназияда білім алушылардың креативті және сыни ойлауын дамытуға ықпал ету мақсатында, физика-математика ғылымдарының докторы,профессор,ҚР ҰҒА академигі, ғалым-математик Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлының авторлық есептерін шешуге арналған “Қазақ есебі” челленджі өтті. Челленджге 10-11 сынып оқушылары қатысты. Білім алушы оқушылар берілген үш тапсырмаларманың әрқайсысын айтыс түрінде тізбектей орындады.