Мектеп-гимназияның ардақты Ұстазы, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған сүйікті әріптес,орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Суентаева Жанат Сатановна Қазақстан Республикасының Оқу-Ағарту министрлігі атынан "Алғыс хатпен" марапатталды.

Жанат Сатановна - ЛМГ тарихында бірнеше республикалық жүлдегерлер дайындап шығарған майталман Ұстаз,өз ісінің шебері.
Сіз барлық марапатқа,құрметке лайықтысыз,Жанат Сатановна!
Біз де Сізге зор денсаулық,қажымас қайрат тілейміз.

Саналы ғұмырыңызды жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне арнап, білім саласында ұзақ жыл қалтқысыз қызмет еткеніңіз үшін Сізге шынайы алғысымды білдіремін.Өзіңізден өнегелі білім, тағылымды тәрбие алған азаматтар тәуелсіз еліміздің негізін қалап, өсіп- өркендеуіне аянбай атсалысып жүр. Баланың бойына білім нәрін себетін де, адамгершілік дәнін егетін де басты тұлға ұстаз. Сондықтан ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай: "Алты алаштың баласы бас қосса, төр -мұғалімдікі" болуы тиіс. Сізге еліміздегі 500 мыңға жуық педагог пен бес миллионнан астам жас өреннің атынан зор денсаулық, ұзақ та мағыналы ғұмыр, бақыт пен береке тілеймін!"

Құрметпен, Бейсембаев Ғ.-ҚР Оқу-ағарту
министрі