Урдина Назима Жолжанқызы 1947 жылы 27 қарашада Шалқар қаласында дүниеге келген.1954-1965 жылдары Шалқар қаласы қазақ орта мектебін бітіріп,1966-1968 жылдары Алматы Шет тілдер институтында оқып,1968-1971 жылдары Ақтөбе педагогикалық институтын бітірген.Ұстаздық қызметін 1967 жылы туған жерінде №496 мектепте бастап,№469 орыс мектебінде жалғастырған.Сүйіп таңдаған мамандығының шебері бола алатынын алғашқы жылдары-ақ көрсета алған Назима Жолжанқызы 1983 жылы Оқу-Ағарту ісінің үздігі төсбелгісімен марапатталған.

1998.2003.2004.2005 жылдары Америка-Қазақстан елдері бойынша өткізілген ағылшын тілі пәні мұғалімдері арсында ұйымдастырылған конкурстың төрт мәрте жеңімпазы атанған.
Бірнеше рет түрлі қала,облыс білім басқармаларының Құрмет грамоталарымен,ақшалай сыйлықтармен марпатталған.Шет елдік грант иегері.Төрт оқушысы түрлі шет елдік бағдарламалардың жеңімпазы атанып,АҚШ Штаттарында білім алған.
Бақытын еңбектен тапқан ардагер ұстаз қазіргі таңда Ақтөбе қаласында тұрады.Бала-шаға,немерелердің ортасында үбірлі-шүбірлі отбасының ақылшысы,сүйікті әжесі.

02 11