Республикалық «ҮЗДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПЕДАГОГІ – 2023 байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды!

Ақтөбе облыстық білім басқармасы мен облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру пәні мұғалімдері арасында өткен «Үздік дене шынықтыру педагогі – 2023» байқауының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті.

Байқауда дене шынықтыру педагогтерінің шығармашылық бастамасына қолдау көрсету, кәсіби өсуіне мүмкіндік жасау, педагог беделін арттыру мақсаттары көзделді.

Шараға облыстағы аудандардан және Ақтөбе қаласынан үздік деп танылған 13 мұғалім қатысты.
​Екі күнге созылған байқау қорытындыланып, жеңімпаздар анықталды.

“Үздік ашық сабақ” номинация иегері-Бәймбет Бақытбек сізді жеңістеріңізбен құттықтаймыз!!!

24 2 24 2