Жанат Сатановна Суентаева 1958 жылдың 2-қыркүйегінде Ақтөбе қаласында дүниеге келген.
1975-1983 жылдар аралығында Мұғалжар ауданы Темір совхозының ВЛКСМ-нің 30 жылдығы атындағы орта мектепте аға тәлімгер болып жұмыс жасаған.
1983-1988 жылдар арасында Ақтөбе педагогикалық институтының «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығын сырттай бөлімінде оқыды.

1983 -2000 жылдар аралығында Мұғалжар ауданы Родник аулы, Ломоносов атындағы орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметін атқарды.
2000 жылдан бастап Ақтөбе қаласындағы қазіргі А.Байтұрсынұлы атындағы линвистикалық мектеп гимназиясында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып қызмет атқарып келді.
Ғылым негіздері бойынша пәндік олимпиаданың қалалық, облыстық, республикалық кезеңдерінде оқушылар дайындап, жоғары жетістікке жеткен.
«Өрлеу» Орталығы АҚ филиалы, АОБПҚБАИ ғылыми- әдістемелік кеңесі бекіткен «Календарно- тематическое планирование по русскому языку и литературе» атты әдістемелік құралы облыс көлемінде таратылған.
On-line режимінде өткен өңірлік ғылыми- практикалық конференцияға қатысып, «Проблемы и перспективы подготовки к ЕНТ по русскому языку» атты тақырыптағы баяндамасы жинаққа енген.
Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциясында сертификат алып, «Роль ИКТ формирование творческой личности» тақырыбындағы баяндамасы жинаққа енген.
2021-2022 оқу жылында ғылым негіздері бойынша пәндік олимпиаданың қалалық, облыстық, республикалық кезеңдерінде 11-класс оқушысы Рахманова Дильяра І дәрежелі дипломып, жыл нәтижесінде облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен облыстық білім басқармасының бұйрығымен ақшалай сыйлығын иеленді.

02 9