20.01 күні мектеп-гимназияда магистрлердің жылдық жоспары аясында *”Жоба әдісі заманауи білім нәтижесіне жету тәсілі”* тақырыбында магистр ғылыми дәрежесі бар ұстаздарымыз Бекболат Жагалбайлиевич пен Бекзат Оразұлы семинар-практикум өткізді. Семинар-практикум барысында жобаға оңтайлы тақырып таңдау, тақырыптың тарихнамасымен және таңдалған тақырыпқа қатысты деректерді сұрыптау, жобаны жоғары деңгейде қорғаудың тетіктері айтылып, тәжірибе бөлісті. Қатысқан мұғалімдер арасында пікір талас туындап, практикум өте әсерлі өтті. Шара соңында қатысушылар тарапынан осы семинар-практикумды алдағы уақытта кең көлемде өткізу туралы ұсыныстар айтылды.