Ұжымды өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының міндетті талаптарының бірі болып табылады.

Өрт техникалық минимумы көлемінде педагог кадрлар мен қызметкерлердің білімін тексеру, қосымша мәліметтер беру туралы оқу-жаттығу сабағы өткізілді.

Өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықты өткізу кезінде ұйым қызметінің ерекшеліктері ескерілді, заңнама талаптарымен және туындаған өрттердің алдын алу және оларға қарсы іс-қимыл шараларымен таныстыру қамтылды.