2023 жылдың 22 тамызы күні Ақтөбе қаласының білім бөлімінің Әдістемелік кабинеті Ақтөбе қаласы білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі жоспарына сәйкес «А. Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназия» КММ базасында “Білім берудің заманауи трендтері-табысты мектеп кепілі" тақырыбында мектеп директорының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларының панельдік сессиясы Ted X форматында өткізілді. Сессия мақсаты: Әдіскерлердің кәсіби құзыреттілігін, шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, жаңаша деңгейдегі жұмыс жүйесін жетілідіруге бағыттау.
«Әдістемелік кабинет» КММ директоры Сулейменова А. М., “Әдістемелік кабинет” КММ әдіскерлері Садыкова А.С., Темирхановалар Р. Т. сөз алып, сессия жұмысына сәттілік тіледі.
Сессия барысында төмендегідей тақырыптарды іс-тәжірибесімен бөлісті:
1. “2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы ” Жантөре М. Қ., А.Байтұрсынұлы атындағы ЛМГ, мектеп директорының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары, Уразбаганбетова А.Т. Х.Досмухамедұлы атындағы №35 орта мектеп, мектеп директорының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары.
2. “Оқушы-мұғалім-ата-ана арасындағы қатынасты жақсарту-білім сапасының артуының кепілі”- А.Ж.Омарова Қ.Сәтбаев атындағы ОМЛ мектеп директорының ғылыми- әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары.
3 . “Оңтүстік Кореяның білім беру жүйесінің негізгі аспектілері”- Г.А.Абдуллина 78 ЖОББМГ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
“Еуропа мектептеріндегі білім -оқушыға бағытталған тәсілдің озық тәжірибесі”(Франция,Эстония ) -А.А.Кудайбергенова, №78 ЖББМГ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
4. Тайм-менеджмент: жұмыс пен оқытудың тиімділігін арттыру жолдары”-Г.М.Хамзина -№20 ОМЛ мектеп директорының ғылыми- әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары
5 . “Жаңа ұрпақ. Кәсіби дамудың маңыздылығы” Б.Ж.Мустафин, Aqbobek International School бастауыш сынып мұғалімі.
Диалогтік алаң кезінде сессияға қатысушылар тақырып аясында пікір алмасты. Панельдік сессия алдына қойған мақсатына жетті.