"А.Байтұрсынұлы ЛМГ" КММ айналадағы тәртіпті қалпына келтіру, қоршаған ортаны тазалықта ұстау мақсатымен жалпықалалық сенбілікке белсене қатысты.

Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір адамның басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен мектеп қызметкерлері бүгін тазалық айлығына сәйкес сенбілік шарасына белсене араласты.