РЕПОСТ @obrazovanie_gorod_aktobe 19 қазан күні "Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Әдістемелік кабинет" КММ жоспарына сәйкес "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясы" КММ –де "Оқушылардың біліміндегі олқылықтардың алдын алу бойынша жұмыс жүйесін ұйымдастыру", "Алгебра бойынша алғашқы сынақ тексеру жұмыстарын жүргізу (8 сынып)", "Алгебра бойынша сынақ жұмысын талдау" семинар-практикумы өткізілді.
Семинар-практикумның мақсаты: оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған оқу-тәрбие процесінде әдістер мен тәсілдерді қолдану.
Ақтөбе қаласының білім бөлімінің басшысы М. Қосымбаева халықаралық зерттеудің маңыздылығы мен іріктелген білім беру ұйымдарының 2023 жылы өтетін "Мектептегі Пиза" зерттеуіне дайындығы туралы атап өтті. Мектеп және мектепке дейінгі білім беру секторының меңгерушісі Г. Алдиярова 2022 жылғы PBTS нәтижесінің қорытынды есебімен және зерттеуге қатысушылар үшін сынақ тестілерін өткізу алгоритмімен таныстырды. “Әдістемелік кабинет" КММ бөлім меңгерушісі Г.Миндалина зерттеуге қатысушылар арасында психологиялық ахуалдың қажеттілігі және оқушылардың ата-аналарының психологиялық дайындығы туралы айтты. "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясының" директоры Г.Ешмұхамбетова "PISA халықаралық зерттеу тапсырмаларын дайындау әдістемесі"( Мамбетрозова Д.Қ.); "Зерттеудің мақсаттары мен ерекшеліктері" (Бозшин Б. Ж. ); "Тіктөртбұрыштар" (практикалық сабақ) (Симағанбетов Е. Н.) тақырыптарында семинар бағдарламасын ұсынды.