Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» филиалы мен А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназиясы арасында әріптестік байланысты дамыту, ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ресми түрде меморандум жасалды.

Меморандумға сәйкес ұстаздардың тәжірибесі, оның ішінде инновациялық педагогикалық методикаларды енгізу әдісі облыстың барлық жалпы білім беру мекемелеріне таратылды.
⚜️Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназияда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институты» және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетімен бірлесіп, мемлекет және қоғам қайраткері, ағартушы, лингвист-ғалым А. Байтұрсынұлына арналған «АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ҰЛТ ҰСТАЗЫ» атты І облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
🔸️«Педагог» кәсіптік стандарты жобасын талқылау Ақтөбе қаласы, А.Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп- гимназияда жалғасын тапты.
🔸️ Институт базасында педагогтарымыз білім жетілідіру курсынан өтіп, білімдерін уақытымен жетілдіруде;
🔸️Институттың қолдауымен мектебімізде курс тыңдаушыларына арналған семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіліп, мұғалімдеріміздің іс-тәжірибелері көрсетіліп, таратылуда;
🔸️Әдістемелік құралдар, электрондық орта шығаруына, “Педагогикалық даму” республикалық ғылыми- әдістемелік журналына іс-тәжірибесін тарату мақсатында мақалалары жарияланды;
🔸️Институттың ұйымдастыруымен өтетін байқаулары, педагогикалық олимпиадаларға педагогтер белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді.
🔸️Ағартушы-ғалымның құрметіне орай "Алты алаштың Ахметі" тақырыбында салтанатты шара ұйымдастырылды. Аталмыш шараға «Өрлеу БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бои‌ынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының әдіскері М.Т.Әділханова қатысты.
@aktobe_orleu
@orleu.edu.kz

26 1 26 1 26 1 26 1 26 1 26 1 26 1 26 1 26 1 26 1