Ақтөбелік оқушы бойжеткенді өлім аузынан құтқарды. Адам өміріне араша түскен батыл жас Ахмет Байтұрсынов атындағы лингвистикалық мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы Мейірбек Нұржанов.

Оқиға мектеп маңындағы дүкенде болған. Волейбол үйірмесінен шыққан ол, сусын алуға дүкенге кіргенін айтады. Сол мезетте, жағдайы нашарлаған қыз баланы көріп бірден көмекке ұмтылыпты.

Дәрігер келгенше, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Осылайша жас өрен өзінің батылдығы мен қайырымдылығының арқасында науқастың дер кезінде өмірін сақтап қалған.