Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінде әдістемелік күн өткізілді. Қараша айының 6-10 аралығында күнтізбелік жоспар бойынша мұғалімдер сабақ өткізді.

Атап айтатын болсақ, Нурманова Амангүл 7”Ә” сыныбы “Зар заман" толғауы, Жакупова Жайна 8”Ә” сыныбы М.Мөңкеұлы “Үш қиян” толғауы - шоқтығы биік, құнды шығарма тақырыптарында,Нұртасова Ақгүл 11”В” сыныбы Б.Мұхай “Өмірзая” романы, Дошниязова Қамажай 11”А” сыныбы Қ.Аманжолов “Өзім туралы” өлеңіндегі автор бейнесі, Тажгарина Айгүл 5”Г" сыныбы “Жануарлар және тіршілік”, Сқақ Лаура 5”Ғ” сыныбыД.Бабатайұлы “О,Ақтан жас, Ақтан жас…” өлеңі,Сайлау Аңсаған 7”В” сыныбы "Достық-өмірлік нұсқа",Мамбетрзаева Сауық 8”А” сыныбы Мұрат Мөңкеұлы “Үш қиян” толғауы “Туған жердің құдіреті”, Өтеулиев Қадырбек 6”А” сыныбына “Астана қаласына саяхат” атты тақырыптарда ашық сабақтар өткізілді. Сабақ барысында мұғалімдер жаңаша әдіс-тәсілдерді және сандық технологияны тиімді қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра білді. Сабақта оқушылар жеке, жұптық,топтық тапсырмалар орындап,шығармашылықпен де жұмыстанды. Сабақ соңында мақсат айқындалып, оқушылармен кері байланыс жасалды. Оқушылар деңгейлеріне қарай бағаланып, үй тапсырмасы берілді.Сабаққа қатысқан мұғалімдер өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып,алған әсерлерімен бөлісті.

20 20 20 20 20 20 20 20 20 20 20 20 20 20 20 20 20 20 20 20