Сурабалдинова Гульсим Алжановна 1957 жылы 24 желтоқсанда Талдықорған облысы Гвардия ауданы Чкалов ауылында дүниеге келген.
1965 жылы Қаракемер ауданындағы мектепке 1-класқа барып, 1975 жылы бітірген.

1975 жылы Алматы шет тілдері педагогикалық институтының шет тілдер факультетіне түсіп, 1980 жылы француз-неміс тілдері пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Еңбек жолын 1982 жылы Қоғам орта мектебінде неміс тілі пәні мұғалімі ретінде бастаған.1984-1994 жылдар аралығында  Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой орта мектебінде неміс  тілі пәні мұғалімі, 1994-2001 жылдар аралағында №36 қазақ орта мектебінде француз тілі пәні мұғалімі болып қызмет атқарған.
1998 жылы өз білім жетілдіру мақсатында Париж қаласындағы жоғарғы оқу орнында  2 айлық курстан өткен.
2001-2002 облыстық саңырау балаларға арналған арнаулы мектеп-  интернатында тәрбиеші қызметін атқарған. 2002 жылдан бастап №24 лингвистикалық мектеп- гимназияда француз тілі пәні мұғалімі болып жұмыс жасады.Аталған уақыт аралығында шәкірттерінің сүйікті ұстазына айналып,әріптестерінің ақылшысы,сырласы болды.  Зайыбы Теміржан ағай екеуі 4 бала,6 немере тәрбиелеп өсірген.
Гүлсім Алжановна ұстаздық еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, қалалық, облыстық пәндік олимпиадаларда француз тілі пәні бойынша оқушылары  бірнеше жыл қатарынан жүлделі орындарды иеленіп, мектеп-гимназия  абыройын көтерген шығармашыл, ұлағатты ұстаз болды. 2015 жылы желтоқсан айында зейнеткерлікке шықты.Гүлсім Алжановна 2018 жылы 15 қыркүйекте ұзаққа созылған ауыр науқастан қайтыс болды.

29 1 29 1 29 1 29 1